Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихаты
хатшысының блогы
Өмірбаяны

В.М. Головатюк 1953 жылғы 23 желтоқсанда Өскемен қаласында туған. Екі жоғары білімі бар. 1976 жылы Томск политехникалық институтын «Қалалардың және ауыл шаруашылығының өнеркәсіптік кәсіпорындарын электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша, 2011 жылы Халықаралық бизнес университетінің магистратурасын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы  бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1976 жылы қорғасын-мырыш комбинатында электромонтер болып бастаған. 1978 жылдан 1997 жылға дейін Востокмашзаводта еңбек етті, «Востокмашзавод» АҚ-да инженер-технологтан бастап құю заводының директорына дейінгі еңбек жолынан өтті. 1997-2002 жылдары – «Өскемен нан-тоқаш өнімдері зауыты» АҚ президенті. 2002 жылдан бастап – «Восток-Алтын» кәсіпқой футбол клубы қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры, «Восток» футбол клубы МКҚК директоры, «Востокагропроект» ЖШС бас инженерінің орынбасары.

2009 жылдан 2013 жылға дейін – Өскемен қалалық мәслихатының хатшысы. 2013 жылғы наурыздан 2015 жылғы қыркүйекке дейін – Өскемен қаласы әкімінің орынбасары. 2015 жылғы 13 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының № 7 Строительный сайлау округі бойынша депутаты болып сайланды. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. 2015 жылғы 7 қазанда Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды.

«Құрмет» ордені (2012), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) мерейтойлық медалі наградалары бар. Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.