Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихаты
хатшысының блогы
10.10.2019 Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы В.М. Головатюктың сөзі 2019 жылғы 10 қыркүйек

Құрметті депутаттар!

Алтыншы шақырылымның депутаттар корпусын 43 депутат құрайды. Өткен кезеңде облыстық мәслихат депутаттарының сандық және сапалық құрамында өзгерістер болған жоқ.

Заңға сәйкес мәслихат жұмысының негізгі нысаны сессия болып табылады. 2019 жылғы сессиялардың күн тәртібі облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 13 желтоқсанда бекітілген перспективалық жұмыс жоспарында бекітілді.

Шақырылым басталғаннан бері облыстық мәслихаттың 32 сессиясы өткізіліп (15 кезекті, 17 кезектен тыс), сессиялардың күн тәртібіндегі мәселелерді қараудың нәтижесі бойынша 340 шешім қабылданды. 76 шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркеуден бас тарту жағдайлары болған жоқ. Қабылданған шешімдерге тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі, қорытындысы бойынша тоқсан сайын және жарты жыл сайын ШҚО әділет департаментіне есептер ұсынылады.

Облыстық мәслихаттың тұрақты төрт комиссиясында 24 отырыс өткізіліп, онда 34 қаулы қабылданды. 24 шешім комиссиялардың бақылауында болды, есепті кезеңде 8 шешімнің орындалуы қаралып, бақылаудан алынды, тағы 16 шешімді комиссиялар бақылауда ұстауда. Депутаттар тұрақты комиссияларда белсенді жұмыс істеп, салалар бойынша анағұрлым өзекті мәселелерді қарайды. Мәселен, агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі комиссия «Өңірдің кәсіптік емес құстардың (суқұзғын, қарға) популяциясынан туындайтын экологиялық проблемалары» мәселесін қарады. Мәселені талқылаудың нәтижесінде депутаттар ҚР Парламенті Сенатының депутаты Д.М.Мусинге саны реттелуге жататын жануарлар тізбесіне, Аңшылық ережелеріне, мемлекеттік қызметтер стандарттарына түзетулер енгізу туралы хат жолдады. Сенат депутаттары өз кезегінде аталған мәселені Үкімет сағатында көтеретіндеріне сендірді.

Облыстық мәслихат депутаттары өз сайлаушыларының мүддесін көздей отырып, облыстық бюджетті талқылауға және қабылдауға белсене қатысады. 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын қарау бойынша депутаттық уақытша жұмыс тобының отырысы өткізілді. Бюджет жобаларын кезектен тыс сессияларда нақтылау кезінде 3 уақытша комиссия құрылып, жұмыс істеді.

Облыстық мәслихат сессияларында өңірдің өзекті мәселелері қаралды. Облыстық бюджетті бекіту және атқару, түзетулер енгізуге қатысты мәселелерден басқа, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы мәселе қаралды, кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді қайта атау және атау беру туралы шешімдер қабылданды, Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасына түзетулер енгізілді, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы мәселе және т.б. талқыланды.

Облыстық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес сессияда 2019 жылғы 15 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет Басшысы қойған міндеттерді іске асыру мен жүктелген функцияларды орындау туралы облыс әкімінің есебі тыңдалды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәслихаттың Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясымен өзара іс-қимылы жүзеге асырылады. Тексеру комиссиясының төрағасы тағайындалды. 2018 жылғы бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы жылдық есеп қаралды.

Жыл сайын облыстық мәслихат депутаттары мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау объектілерін тексеру комиссиясының жұмыс жоспарларына енгізу үшін ұсыныстар жолдайды. Бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшелеріне ШҚО бойынша тексеру комиссиясының кәсіпорындар мен мемлекеттік органдарда жүргізген аудит нәтижелері туралы үнемі ақпарат беріледі.

Сонымен қатар депутаттар өз сайлаушыларының мәселелерін шешумен және сайлауалды бағдарламаларын орындаумен айналысады. Депутаттардың халықпен кездесу кестелері жыл сайын БАҚ-та және өкілді билік порталында жарияланады.

Жыл басынан бері облыстық мәслихат депутаттары сайлаушылармен 175 кездесу өткізді, жеке қабылдауларында 514 адам болды. Мәселелерді шешу мақсатында әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарға 68 сауал жолданды. 40 мәселе бойынша өтініш иелеріне түсіндіру беріліп, 183 мәселе оңды шешілді, 20-дан аса мәселе депутаттардың бақылауына алынды. Депутаттар сайлаушылардың 246 өтінішін қарады. Сайлаушылар өз депутаттарына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, ауыл шаруашылығы, еңбекке орналастыру, материалдық көмек көрсетуге және т.б. қатысты әртүрлі өтініштермен келеді.

Жыл басынан бері облыстық мәслихат аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 42 өтініш түсті, оның ішінде 26 мәселе әлеуметтік бағыттағы, 16 мәселе жалпы сипаттағы мәселелер болды. Барлық өтініштер құзыретті органдармен бірлесіп қаралды, өтініш иелеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптар берілді.

Халықтың депутаттар жұмысы туралы ақпарат алуын қамтамасыз ету мақсатында облыстық және аудандық БАҚ-та 184 материал жарияланды, телевидениеден 57 сөз сөйленді.

2018 жылы облыстық мәслихат депутаттары әртүрлі қаржы көздерінен өңір тұрғындарына 70 млн.теңгеден астам соманың қайырымдылық көмегін көрсетті.

Облыстық мәслихат депутаттары облыстағы барлық маңызды әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси істерге ең белсене қатысушылар болып табылады. Депутаттар кезектен тыс Президент сайлауын дайындап өткізу кезінде біршама ұйымдастыру, үгіт жұмыстарын жүргізді. Облыстық штабты Әнуарбек Мұхтарханұлы Мұхтарханов басқарды. Депутаттар Сергей Федорович Солдатов, Әсемқан Серқанұлы Досқожанов, Александр Михайлович Анчугин, Людмила Петровна Цыбенко қалалық және аудандық штабтардың төрағалары болды.

Аудандық, қалалық ақпараттық-насихаттық топтардың мүшелері болып табылатын депутаттар Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіру жұмыстарына қосылады.

Облыстық мәслихат аппараты мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, депутаттарға практикалық көмек көрсетеді. Аппарат қызметкерлері облыс әкімі аппаратымен, облыстық басқармалармен, әділет департаментімен, қоғамдық ұйымдармен тығыз қатынаста жұмыс істейді. Облыстық мәслихаттың барлық іс-шаралары ашық сипатта өтеді. Сессиялар жұмысына мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Халықтың облыстық мәслихат депутаттарының жұмысынан хабардарлығын жақсарту үшін Шығыс Қазақстан облысының өкілді билігінің ресми сайты жұмыс істейді. Барлық ресми материалдар сайтта мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады.

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға сәйкес 2018 жылғы қаңтардан бастап сессия отырыстары Интернет желісінде онлайн тәртібімен көрсетіледі.

 

Құрметті депутаттар!

Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың күнделікті жұмысы облыс халқының өзекті мәселелерін шешуге, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін одан әрі арттыруға бағытталған.  Біз Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық негізгі бағыттарын және Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмаларын табысты жүзеге асыру үшін бұдан әрі де сайлаушылармен тығыз байланыста және мемлекеттік құрылымдармен, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен өзара келісілген іс-қимылдар негізінде жұмыс істейтін боламыз.

Назарларыңызға рахмет.

Еш пікір жоқ »

Комментариев еще нет

Оставить комментарий