Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихаты
хатшысының блогы
12.10.2018 Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы В.М. Головатюктың сөзі 2018 жылғы 10 қазан

Құрметті депутаттар!

            Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының есепті кезеңдегі қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, облыстық мәслихат Регламентіне, перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларына сәйкес және облыс әкімі аппаратымен, облыстық басқармалармен, департаменттермен, қалалық, аудандық әкімдіктермен және мәслихаттармен, қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен, облыс халқымен тығыз өзара іс-қимылда жүргізілді.

Алтыншы шақырылымның депутаттар корпусын 43 депутат құрайды. Өткен кезеңде депутаттардың сандық және сапалық құрамында өзгерістер болған жоқ.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мәслихат жұмысының негізгі нысаны сессия болып табылады. Сессияның күн тәртібі облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 13 желтоқсанда бекітілген жұмыс жоспарында айқындалады.

Шақырылым басталғаннан бері облыстық мәслихаттың 22 сессиясы өткізіліп (11 кезекті, 11 кезектен тыс), сессиялардың күн тәртібіндегі мәселелерді қараудың нәтижесі бойынша 258 шешім қабылданды. 43 шешім әділет органдарында тіркеліп, ресми жарияланды.

Облыстық мәслихат депутаттары төрт тұрақты комиссияда жұмыс істейді. Тұрақты комиссиялардың 16 отырысында 22 қаулы қабылданды. 24 шешім комиссиялардың бақылауында болды, есепті кезеңде 8 шешімнің орындалуы қаралып бақылаудан алынды, тағы 16 шешімді комиссиялар бақылауда ұстауда.

Бюджеттерді нақтылау кезінде бюджет жобаларын қарау үшін кезектен тыс сессияларда 3 уақытша комиссия құрылып, жұмыс істеді. 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын қарау бойынша депутаттық уақытша жұмыс тобының отырысы өткізілді.

Бұдан басқа, екі уақытша комиссия құрылды:

Шемонаиха ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен үйлерді жөндеу шығындарын, өтемақылық төлемдер мөлшері мен тәртібін айқындау бойынша комиссия жүргізілген жұмыстың нәтижелері бойынша жан-жақты ақпарат ұсынды.

«Семей-Қарауыл» автомобиль жолын жөндеу жұмыстарының сапасына және жобаға сәйкестігіне тексеру жүргізу бойынша уақытша комиссия құрамына облыстық, Семей қалалық, Абай аудандық мәслихаттарының депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, «Шығыс жол лаборатория» РММ мен Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ сертификаттық сынақтар орталығының өкілдері кірді.

Комиссия автомобиль жолдарының жөндеуін тексеріп, мердігер ұйымдарға, өткен жылғы жөндеуге кепілді қызмет көрсету бойынша басқармаға ақауларды жою туралы ұсынымдар берді, ақпарат облыс әкіміне жолданды.

Облыстық мәслихат депутаттары білім беруді, денсаулық сақтауды, халықты әлеуметтік қамсыздандыруды дамыту мәселелерін үнемі бақылауда ұстайды.

Мәселен, облыстық мәслихаттың 16-шы сессиясында Отбасын әлеуметтік және демографиялық дамытудың 2014-2017 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру қорытындылары туралы, 19-шы сессияда Үштілдік білім беруді дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру барысы туралы мәселелер қаралды.

Облыстық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес сессияда облыс әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі тыңдалды, жыл ішінде 2017-2019 және 2018-2020 жылдар бюджетіне түзетулер енгізілді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәслихаттың Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясымен өзара іс-қимылы құрылған. Тексеру комиссиясының мүшелері босатылып, тағайындалды. 2017 жылғы бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы тексеру комиссиясы ұсынған жылдық есеп қаралды.

Облыс ұйымдары мен кәсіпорындарының бюджет қаражаттарын орынсыз жұмсау жағдайларын болдырмау мақсатында мәслихат мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау объектілерін тексеру комиссиясының жұмыс жоспарларына енгізу үшін ұсыныстар жолдайды. Бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшелеріне ШҚО бойынша тексеру комиссиясының кәсіпорындар мен мемлекеттік органдарда жүргізген аудит нәтижелері туралы үнемі ақпарат беріледі.

Депутаттардың сайлау округтеріндегі жұмысы олардың халық арасындағы жұмысын жүзеге асырудың негізгі ұйымдастырушылық нысаны болып табылады.

Есепті кезеңде облыстық мәслихат депутаттары сайлаушылармен 1029-дан аса кездесу өткізді (өткен жылы 1009), жеке қабылдауларында 5000 адам (өткен жылы 3506) болды. Өткен жылмен салыстырғанда сайлаушылармен 20 кездесу артық өткізілді және 1495 адам артық қабылданды.

Депутаттар сайлаушылардың проблемалық мәселелерін жергілікті жерлерде атқарушы органдармен бірлесіп шешті.

Мәселелерді шешу мақсатында әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарға 307 сауал жолданды. 80 мәселе бойынша өтініш иелеріне түсіндіру беріліп, 240 мәселе оңды шешілді, 100-ден аса мәселе депутаттардың бақылауына алынды. Депутаттар сайлаушылардың 1620 өтінішін қарады. Сайлаушылар өз депутаттарына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, ауыл шаруашылығы, еңбекке орналастыру, материалдық көмек көрсетуге және т.б. қатысты әртүрлі өтініштермен келеді.

Есепті кезеңде облыстық мәслихат аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 41 өтініш түсті, оның ішінде 11 мәселе әлеуметтік бағыттағы, 11 мәселе ТҮКШ және көлік саласына қатысты, 19 мәселе жалпы сипаттағы мәселелер болды. Барлық өтініштер құзыретті органдармен бірлесіп қаралды, өтініш иелеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптар берілді.

Кездесулер кестесі жыл сайын БАҚ-та және өкілді билік порталында жарияланады.

Халықтың депутаттар жұмысы туралы ақпарат алуын қамтамасыз ету мақсатында облыстық және аудандық БАҚ-та 214 материал жарияланды, телевидениеден 58 сөз сөйленді.

Депутаттардың жеке бастамасы бойынша көптеген іс-шаралар, қайырымдылық акциялары, жөндеу жұмыстары өткізілді: мәселен,

  • депутат Қайрат Қасымұлы Нәбиев Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында Дәулетбай және Қабанбай атындағы көшелерге асфальттау жүргізді;
  • депутат Болатбек Икепұлы Нұрасыл өзі басқаратын «Зайсан» құрылыс компаниясының қаражаттары есебінен Зайсан қаласында 50 пәтерлік тұрғын үй салып, 15 пәтер компания еңбеккерлеріне жалға берілді;
  • депутат Бауыржан Мәулетқанұлы Сейітқановтың бастамасы бойынша Мақаншы ауылында жетім Ташкенбаевтарға қаражат жинау ұйымдастырылып, тұрғын үй сатып алынды;
  • депутат Мерейғалы Қойшыбекұлы Көшкінов Тарбағатай және Үржар аудандарының 75 баласына жыл сайын «Достық» мектеп лагерінде  тегін демалып, сауығуына мүмкіндік береді;
  • депутат Людмила Петровна Цыбенконың тікелей қатысуымен Тарханка ауылында және жақын елді мекендерде Интернет байланысын жақсарту мәселесі шешілді;
  • депутат Тасболат Қажмұханбетұлы Битенов Қарауыл ауылында Абай Құнанбаевқа ескерткіш тұрғызды және Шар қаласында 4 көшеге асфальт төсеуді жүргізді.

Ірі кәсіпорындардың, агроқұрылымдардың басшылары-депутаттар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға, ауыл шаруашылығын, өнеркәсіпті және т.б. дамытуға белсене қатысады.

Басшысы депутат Әсем Тілекқызы Мамутова болып табылатын Өскемен титан-магний комбинаты Жаңа Согра кентінде 300 орынға арналған жаңа мектеп салу үшін ЖСҚ әзірлеуге 27 млн.теңге қаражат бөлді, Жаңа Согра кентінде тұрақтандыру қорының 1 киоскісі ашылды, Ескі Согра кентінде Скалистая көшесіндегі көпірге 1 млн.теңгеге жөндеу жүргізілді, 53,5 млн.теңгеден астам сомаға № 23 мектептің спорт залына, киінетін бөлмелеріне, сыртқы есігіне күрделі жөндеу, шатырына ішінара жөндеу жүргізілді және мультимедиалық кабинет орнатылды.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру шеңберінде Нұрлан Мәулімғазыұлы Байбеков басқаратын «СӘТ ТРАНС» ЖШС Семей қаласының Ұшақтар тұрғын ауданында 280 орынға арналған балабақшаның құрылысын жүргізуде.

2017 жылы облыстық мәслихат депутаттары жеке қаражаттары есебінен және өздері басқаратын кәсіпорындардың қаражаттары есебінен 900 млн.теңгеден астам соманың қайырымдылық көмегін көрсетті.

Облыстың барлық деңгейдегі мәслихаттарының депутаттары үстіміздегі жылдың көктемінде болған су тасқыны мен су басудың салдарларын ескертуге және жоюға қолдан келген үлестерін қосты.

Аягөз, Глубокое, Зырян, Шемонаиха аудандық мәслихаттарының, Семей, Өскемен қалалық мәслихаттарының депутаттары қиын кезеңде сайлаушыларының жанында болып, оларға мүмкіндіктерінше қаржылай, материалдық қолдау көрсетті.

Облыс әкімінің тапсырмалары бойынша хаттамалық шешімді орындау үшін облыстық мәслихат  Семей, Өскемен қалалық,  Аягөз, Глубокое, Зырян, Көкпекті, Күршім, Шемонаиха аудандық мәслихаттарының хатшыларына су тасқынының салдарларын жою және гидроқұрылғылардың жағдайын тексеру бойынша атқарылған жұмыстың қорытындыларын тексеру үшін уақытша жұмыс комиссияларын құру және жеке басқарулары туралы хаттар жіберді. Жергілікті жерлердегі комиссиялар барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын, қоғам өкілдерін, төтенше жағдайлар бөлімдері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін қатыстырумен құрылды. Жұмыс қорытындысы бойынша облыс әкіміне (Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы) және ШҚО бойынша төтенше жағдайлар департаментіне ақпарат берілді.

Облыстық мәслихат депутаттары облыстағы барлық маңызды әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси істерге ең белсене қатысушылар болып табылады.

Ақпараттық-насихаттық топтардың мүшелері болып табылатын депутаттар Президенттің Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру жұмыстарына қосылды.

Облыстық мәслихат аппараты мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, депутаттарға практикалық көмек көрсетеді. Аппараттың білікті мамандары облыс әкімі аппаратымен, облыстық басқармалармен, әділет департаментімен, қоғамдық ұйымдармен тығыз қатынаста жұмыс істейді. Үстіміздегі жылы облыстық мәслихат аппараты қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшыларын оқыту семинарларын өткізу жұмыстарын жалғастырды. Облыстық мәслихаттың барлық іс-шаралары ашық сипатта өтеді. Сессиялар жұмысына мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Халықтың облыстық мәслихат депутаттарының жұмысынан хабардарлығын жақсарту үшін Шығыс Қазақстан облысының өкілді билігінің ресми сайты жұмыс істейді.

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға сәйкес 2017 жылғы қаңтардан бастап сессия отырыстары Интернет желісінде онлайн тәртібімен көрсетіледі.

Құрметті депутаттар!

             Жергілікті өкілді және атқарушы органдар ортақ мақсатқа жетуде сенімді серіктестер болып табылады. Облыстық мәслихат депутаттарының қызметі бұдан әрі де сайлаушылармен тығыз байланыста және мемлекеттік құрылымдармен, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен өзара келісілген іс-қимылдар негізінде жүзеге асырылатын болады және ел Президентінің бағдарламалық құжаттарда барлық мемлекеттік органдар алдына қойған негізгі міндеттерді орындауға бағытталатын болады.

Назарларыңызға рахмет.

Еш пікір жоқ »

Комментариев еще нет

Оставить комментарий