Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихаты
хатшысының блогы
18.10.2017 Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты хатшысы В.М. Головатюктің есебі 2017 жылғы 6 қазан

Құрметті депутаттар!

          Облыстық мәслихат депутаттарының жұмысы, алдыңғы жылдардағыдай, тұрғындардың өмірін жақсартуға бағытталған өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму  жоспарлары мен бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталды. Атқарылған жұмыстардың маңыздырақ бағыттарына тоқталғым келеді.

Өткен жыл ішінде алтыншы шақырылымдағы депутаттық корпус құрамы өзгерген жоқ. 2016 жылдың 20 наурызында сайлаған барлық 43 депутат өз жұмыстарын жалғастыруда.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәслихат жұмысының негізгі формасы сессия болып табылады. Сессиялардың күн тәртібі 2016 жылдың 9 желтоқсанында бекітілген облыстық мәслихаттың жұмыс жоспарымен анықталды.

Шақырылым басталғаннан бері облыстық мәслихаттың 13 сессиясы өтіп (7-кезекті, 6-кезектен тыс), сессияның күн тәртібіндегі мәселелерді қарау бойынша 148 шешім қабылданған. 28 шешім әділет органында тіркеліп, ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Облыстық мәслихат депутаттары төрт тұрақты комиссияның құрамында жұмыс істейді. Тұрақты комиссиялардың 10 отырысында 9 қаулы қабылданды. 8 шешімнің орындалуы қаралды, 8 шешім бақылаудан алынды, тағы 23 шешімнің орындалуы бақылауда тұр. Кезектен тыс сессияларда бюджет жобаларын нақтылау мәселелерін қарау үшін 3 уақытша комиссия құрылып, жұмыс істеді.

Сондай-ақ, депутаттар әртүрлі күрделі мәселелерді зерделеп, олар бойынша шешім қабылдау мақсатында құрылған жұмыс топтарының құрамында жұмыс істеді.

Осылайша, ауыл шаруашылығы басқармасына көптеген сұрақтардың туындауына байланысты өңірдің ауыл шаруашылығы саласының басым бағыттарын дамыту бойынша шаралардың орындалуы туралы  басқарманың есебін дайындау мақсатында Ержан Ахтанұлы Нұрбаевтың басшылығымен жұмыс тобы құрылды. Ауыл шаруашылығы саласымен айналысатын депутаттардан құрылған жұмыс тобы мәселені жан-жақты зерделей келе, осы мәселе бойынша қорытынды шешім қабылдау барысында назарға алынған көптеген ұсыныстар енгізді.

Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі комиссиясымен облыс аумағында ауыл шаруашылық техникасын шығаруды ұйымдастыру мәселесі қаралуда. Осы жұмысқа депутаттар Фарид Құмашұлы Әбитаев және Әсемқан Серқанұлы Досқожанов белсенді қатысуда.

Тегін дәрілермен қамтамасыз етуге қатысты көптеген наразылықтың туындауына байланысты ШҚО бойынша Тексеру комиссиясының «ЕвроАзияФарм» ЖШС-де ішкі мемлекеттік аудит өткізуі туралы бастамасы қолға алынған болатын. Жүргізілген аудиттің қорытындысы бойынша  «ЕвроАзияФарм» ЖШС-не облыс тұрғындарын тегін дәрілермен қамтамасыз ету бойынша келісім-шарттың талаптарын орындамағаны үшін 59,6 млн.теңге көлеміндегі қаражаттарды бюджетке қайтару жөнінде ұйғарым шығарылды. Бүгінгі күні ұйғарым облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі Сот алқасының қаулысы негізінде орындалуда және қаражаттар облыстық бюджеттің кірісіне алынуда.

Бұдан басқа, денсаулық сақтау саласының басқа да мәселелерін депутаттар назарларында ұстауда. Осылайша, депутат Зарина Айдарханқызы Қамасованың төрағалығымен 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға ықпал ету және бақылау жасау, 2016 жылы сатып алынған медициналық жабдықтардың тиімді пайдаланылуына бақылауды ұйымдастыру бойынша жұмыс тобы құрылды. Облыстың ауылдық жерлеріндегі емдеу мекемелері үшін бағасы 1 554 млн. теңгені құрайтын 2 мыңдай медициналық жабдық  алынған. Бұл жұмыс тобы облыстық Қоғамдық кеңеспен бірлесе отырып, облыстың емдеу мекемелерінде медициналық жабдықтардың пайдаланылу мәселесін қарады. Бұл жұмысты атқару барысында облыстық мәслихаттың ғана емес, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары да белсене қатысты.

Осы бағыттағы жұмыстар әлі жалғасуда, дегенмен осы кезеңге медициналық жабдықты Жарма ауданында тиімсіз пайдалану, сатып алынған жабдықтарды мүлдем қолданбау туралы алдын-ала мәліметтер бар. Сатып алынған жабдықтарды толығымен тиімді пайдалануға қол жеткізбейінше бұл жұмыстар жалғаса береді.

Сонымен қатар, былтырғы жылы, облыс әкімінің ұсынысы бойынша Жасұлан Құдайбергенұлы Шаймарданов басқарған жұмыс тобы мектеп бітірушілердің басқа мемлекеттердің ЖОО-на көптеп кетуінің себептеріне ауқымды сараптама жасады. Жұмыс қорытындылары мәслихаттың сессиясында жарияланып, облыс әкіміне таныстырылды. Осыдан кейін де жүргізілген жұмыстар барысында осы жылы мектеп бітірушілердің кетуін екі есеге азайтуға қол жеткізілді (1800 – 2015/2016 оқу жылы, 800-2016/2017оқу жылы).

Облыс әкімінің бастамасымен облыс депутаттары, Қоғамдық кеңестің өкілдері жолдарды, сумен-, жылумен қамтамасыз ету нысандарын жөндеу бойынша, абаттандыру, жарықтандыру және т.б. бойынша мемлекеттік сатып алуларға, тендерлерге бақылаушы ретінде қатысады.

Осылайша, бүгінгі күні өмірдің барлық салалары дерлік облыстық мәслихат депутаттарының да назарында.

Облыстық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес сессияларда маңызды мәселелер қаралды:

  • облыс әкімінің өзіне жүктелген міндеттер мен  функцияларды орындауы туралы, жергілікті полиция қызметі басшысының есептері тыңдалды;
  • жыл көлемінде 2016-2018 және 2017-2019 жылдарға арналған бюджетке түзетулер енгізілді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәслихаттың Шығыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясымен өзара әрекеттестігі жолға қойылған. 2016 жылдың бюджетінің орындалуына бақылау қорытындылары бойынша Тексеру комиссиясы ұсынған жылдық  есеп тыңдалды. Облыстың мекемелері мен кәсіпорындары тарапынан бюджеттік қаражаттарды тиімсіз пайдалану жағдайларын болдырмау мақсатында мәслихат тексеру комиссиясының жұмыс жоспарына енгізу үшін нысандарда мемлекеттік аудит және қаржылық тексерулер жүргізу бойынша ұсыныстар енгізеді.

Есепті кезең барысында облыстық мәслихат депутаттары сайлаушылармен 1000-нан астам (1009) кездесулер өткізді, 3500-ден астам (3506) адамды жеке қабылдады. (Бесінші шақырылымда 634 кездесу, 2046 адам қабылданды).

Сайлаушыларының көкейтесті мәселелерін депутаттар жергілікті жердегі атқарушы органдармен бірлесіп шешеді. Сайлаушылардың проблемаларын шешу мақсатында әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарға 400-ге тарта (396) сауалдар жолданды. 82 сұрақ бойынша өтініш иелеріне түсініктемелер берілді, 246 сұрақ оңды шешімін тапты, жүзден аса сұрақтың шешілуі депутаттардың бақылауында тұр.

Депутаттар Әсем Тілекқызы Мамутова, Анатолий Михайлович Балушкин өз сайлаушыларымен жұмысты Қоғамдық қабылдау бөлмелері арқылы жүргізеді.Кездесулердің кестесі жыл сайын БАҚ-да  және өкілетті органның порталында жарияланады.

Депутаттар Зарина Айдарханқызы Қамасова, Марат Серікжанұлы Құрманбай, Мерейғалы Қойшыбекұлы Көшкінов, Олег Владимирович Чернышов, Ренат Сансызбайұлы Джангурчинов  сайлаушыларымен жұмысты жақсы жолға қойған.

Депутаттардың жұмысы туралы халықтың хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында облыстық және аудандық БАҚ –да 207 материал жарияланып, телевидение арқылы 41 хабар берілген. Депутаттардың өздерінің жеке бастамалары бойынша көптеген шаралар, қайырымдылық акциялары, жөндеу жұмыстары және т.б. өткізілді.

Облыстық мәслихат аппараты қалалық және аудандық мәслихат хатшыларына арнап, оқыту семинарларын өткізу жұмыстарын жалғастыруда. Осылайша, есепті кезеңде 5 семинар өткізілді. Семинарлардың тақырыптары хатшылардың ұсыныстарын ескере отырып, таңдалды: жеке меншік-мемлекеттік әріптестік қағидалары туралы, конституциялық реформалар туралы, мәслихат аппараттарында іс қағаздарын жүргізу талаптары туралы және т.т. Менің ойымша, өткізілетін семинарлардың хатшыларға беретін тәжірибелік пайдасы мол және алынған материалдарды жұмыста пайдалануға мүмкіндік береді, өйткені хатшылар мен депутаттар ақпараттық-нәсихат топтарының, әртүрлі комиссиялардың белсенді мүшелері және Қоғамдық кеңестердің құрамдарында нәтижелі жұмыс атқарады.

Ақпараттық-нәсихат топтарының мүшелері бола отырып, облыстық мәслихаттың депутаттары Президенттің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Рухани Жанғыру» бағдарламалық мақаласын түсіндіру жұмыстарына ат салысты.

Халықты көбірек қамту мақсатында қалалар мен аудандардың хатшылары мен депутаттарына түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, мемлекет тарапынан экономиканы жаңғырту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы және елдегі және өңірдегі саяси, ішкі экономикалық ахуал туралы хабардар етулері қажет.

Үстіміздегі жылы облыстың барлық деңнейдегі мәслихаттарының депутаттары маңызды саяси науқан – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға  қатысты. Осы жерде мәслихат хатшылары мен олардың аппараттарының депутаттардың сайлауға қатысуларын ұйымдастырудағы үйлесімді жұмыстарын атап өту қажет. Дауыс беретін 318 депутаттың 312 –сі дауыс беріп, бұл 98,1 пайызды құрады.

Депутаттар жұмысының нәтижелілігі белгілі дәрежеде мәслихат аппараты қызметшілерінің кәсіби деңгейлеріне де байланысты. Облыстық мәслихат аппараты өз жұмыстарын тыңғылықты, кәсіби, жауапкершілікпен атқаратын тұрақты ұжымнан құралған. Аппараттың мемлекеттік қызметшілері тестілеу барысында да, әңгімелесу барысында да жақсы нәтижелер көрсетіп, аттестаттаудан сәтті өтті.

Құрметті қатысушылар!

         Облыстық мәслихаттың барлық шаралары ашық түрде өткізіледі. Сессия жұмысына мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Шығыс Қазақстан облысы өкілетті органы ресми сайтының жұмысы да халықты облыстық мәслихат депутаттарының жұмысы туралы ақпараттандыру жұмыстарын жақсарту мақсатына бағытталған.

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2017 жылдың қаңтарынан бастап сессия отырыстары онлайн түзімінде Интернет арқылы көрсетіледі.

Құрметті депутаттар!

         Мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, өкілетті және атқарушы, ортақ мақсаттарға қол жеткізуде берік серіктестер болып табылады. Мемлекет басшысы айқындаған ауқымды жоспарларды жүзеге асыру үшін, қол жеткізген құндылықтарды әр қазақстандықтың жағдайы жақсаруы және мемлекетіміздің әрі қарай өркендеуі үшін әр депутат пен азамат өз жұмыс орнында кәсібилік, белсенділік, шығармашылық пен бастамашылық таныту қажет. Өзара іс-қимылдың қол жеткізген оң нәтижелері, ортақ мақсатты нақты болжау ғана алдағы уақытта да еліміз мен облысымыздің гүлденуіне бағытталған ауқымды міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Назарларыңызға рахмет.

Еш пікір жоқ »

Комментариев еще нет

Оставить комментарий